Онда университет студенттері жақсы қырынан көрінді
Өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Алматыдағы әл-Фараби атындағы ұлттық университетте «Мен жастарға сенемін» деген тақырыпта VI-шы республикалық студенттік патриоттар форумы болып өтті.
Оның басында «Ұлы даланың жастары» деп аталатын конференция болды. Оған 70 аймақтық университтерден 500 студент қатысты. Ол байқау арқылы іріктеліп алынды.
Оған қатысуға 2000-ға жуық студенттер тілек білдірген. Алайда солардың ішінен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар ғана қатысу құрметіне ие болды.
Аталған форумның негізгі мақсаты – жастардың бойында патриоттық сезімді арттырып, азаматтық жауапкершілікті күшейту еді. Форумның атының өзі көп жайдан хабар беріп тұрғандай.
Осы аса маңызды басқосуда Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің әлеуметтік гуманитарлық факультетінің командасы жақсы жағынан көрінді.
Олар «Еліміздің инновациялық дамуына менің нақты қосқан үлесім» деген байқауда жан-жақтылық танытты. Сөйтіп, өңіріміздің абыройын асқақтатты.
Мәселен, студенттеріміз Жұлдыз Адырбаева, Сұлтан Қожамбердиев, Динара Жұмабекова әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің грамотасымен марапатталды. Оларға планшет пен брендтік өнімдері тарту етілді.
Оқу орнындағы тарих ғылымдарының кандидаттары Зәмзәгүл Шахаман және Майсара Бекмағамбетованың басшылығымен аталмыш факультетте көптеген игі істер тындырылуда.
Осы жетістіктерге қол жеткізуде университет ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбілдің қамқорлығы ерекше екенін айтып өткеніміз абзал.
Жоғары оқу орнының белгілі ғалымы Айгүл Амантаеваның айтуына қарағанда, студенттер алдағы уақытта да өздерінің бойындағы қабілеттерін барынша ұштап, биіктерден көріне береді.
Оразалы Жақсанов
За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…
Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)
В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…
Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…
Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…
Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…
This website uses cookies.