Дәстүрлі дода өз жалғасын тапты

Биыл қазақтың маңдайына біткен біртуар азаматы, ақын, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толды.

Саналы ғұмырын ұлтының қамын жеп, қазақтың басқамен терезесі тең болуы жолына арнаған дара тұлғаның мерейтойы қарсаңында аудандық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен аудан жастары арасында «Сәкен оқулары» байқауы өтті.

-Бұл байқауды дәстүрлі түрде өтеміз. Мақсатымыз – жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру, Сәкен Сейфуллин шығармашылығын насихаттау, мектеп оқушылары арасында көркемсөз оқу шеберлігін дамыту және ұрпақтар сабақтастығын нығайту, – дейді орталық басшысы Исламидин Нуриддинов.

Байқау «Өзін-өзі таныстыру», «Сәкеннің аманаты», «Сыр сандықты ашып қара» сияқты кезеңнен тұрды. Алғашқысында қатысушылар театрландырылған қойылым, өлең шумақтары, бейне ролик, ән арқылы өнерлерін паш етті. Ал, екінші кезеңде ақынның шығармасынан бір өлеңін мәнерлеп, жатқа айтты. Сондай-ақ, үшінші сында ақынның өмірбаяны мен шығармашылығынан тест тапсырып, Quizziz платформасы арқылы 25 сұрақтан тұратын тест сұрақтарына жауап берді.

Осы сындардан сүрінбей өткен қатысушылар сайыс нәтижесінде жүлдегер қатарынан көрінді. Айталық, І орынды Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Қамбарова Аружан жеңіп алса, ІІ орынды Барвинов жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Нұржанов Тұрар ие болды. Ал, ІІІ орындарды Соналы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Бадильжанова Мариям мен Весело Подол жалпы білім бететін мектебінің оқушысы Нурпеисова Махаббат місе тұтты.

Жалпы, ұйымдастырушылар тарапынан жүлдегерлер мен қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен марапаттар табысталды.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Число действующих субъектов МСП в Костанайской области сократилось почти на 9,5 тысячи

На 1 сентября 2026 года в регионе работали 59 717 субъектов малого и среднего предпринимательства.…

4 часа назад

Жангелдиндік спортшы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алтын медаль иеленді

Шеген ауылының тумасы, жерлесіміз Ахмет Есен халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді.…

4 часа назад

Масштабным субботником отметили карасуляне Всемирный день чистоты

В экологическом мероприятии приняли участие организации, учреждения и предприятия всех форм собственности. (далее…)

2 дня назад

«Жить здесь и сейчас». Такого принципа придерживается Бекет Аймагамбетов

Попасть домой к героям проекта - задача не из простых, а здесь мы замахнулись на…

2 дня назад

35 лет со дня образования отметил областной телеканал «Qostanai»

Официальная дата праздника 1 февраля, но торжество телекомпания решила перенести на осень. Подготовка была большая…

2 дня назад

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

3 дня назад

This website uses cookies.