Бұған дейін Қарғалы елді мекенінде Торғай өзенінде балықтардың жаппай қырылуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.
Осыған байланысты уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілген тексерудің алдын ала нәтижелері жарияланды. Комиссиялық тексеру 2026 жылғы 12–13 қаңтар күндері Жангелдин ауданына қарасты Қарғалы қыстауы маңында жүргізілді. Тексеру барысында өзеннің шамамен 200 метрлік учаскесінде су бетінің мұзбен жабылмағаны, су деңгейінің төмен екені (30–50 см) анықталды. Мамандардың айтуынша, дәл осы таяздық балықтардың бір жерге шоғырлануына себеп болған.
Көзбен шолу кезінде балықтардан ауру белгілері мен механикалық зақымданулар анықталған жоқ. Сондай-ақ балықтардың жаппай қырылу фактісі тіркелмеді. Өзен суы тұнық, жағымсыз иіс пен ластану белгілері байқалмаған.
Облыстық экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары су бетінен сынамалар алып, жалпы көрсеткіштер, азот пен оттегі топтары, фосфаттар және мұнай өнімдері бойынша талдау жүргізді. Зерттеу нәтижелері бойынша ресми қорытынды қосымша жарияланатын болады.
Жағалау аумағын визуалды қарау барысында өзенге ағынды сулардың келу деректері анықталған жоқ. Сонымен қатар, Экология департаментінің мәліметінше, Қарғалы ауылында антропогендік әсер ететін өнеркәсіптік кәсіпорындар жоқ.
Мамандардың ұсынымы бойынша, балықтардың табиғи ортадағы тепе-теңдігін сақтау мақсатында мелиоративтік аулау жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылды. Бұл шара балықтардың шамадан тыс шоғырлануын азайтып, олардың қырылу қаупінің алдын алуға бағытталған.
Жергілікті атқарушы орган өкілдері жағдай тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді. Қосымша зерттеу нәтижелері мен қабылданатын шаралар туралы ақпарат алдағы уақытта хабарланатын болады.
Шұғыла Жақсылық
Суреттер облыстық экология департаменті ұсынған бейнебаяннан алынды
«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері мемлекеттік наградамен марапатталды. (далее…)
Кәсіпкерлік – ел экономикасының тірегі, ауылдың әлеуметтік дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды тетігі. (далее…)
Одним из важных шагов в этом направлении стало расширение системы видеонаблюдения. (далее…)
Историями поделились зрители YouTube-канала «Другие места». (далее…)
Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)
Подозреваемого уже задержали, об этом сообщает "Тоболинфо" (далее…)
This website uses cookies.