Ташкент қаласына жолдама алды
Арқалық қаласында “RE_SOL_STAR” шығармашылық орталығының ұйымдастырумен “БАБАЛАР АМАНАТЫ” атты ХІІІ-ші республикалық өнер байқауы өтті. Аталмыш байқауда «DanAS» шығармашылық орталығының аспапта ойнау бөлімінің оқушылары қатысып жүзден жүйрік шығып, Ташкентке тегін жолдама алды. Бірнеше бағытта өтетін өнер байқауының көркем сөз бағыты бойынша Аружан Ғалымжан қазылар алқасының жоғарғы ұпайына ие болды. Жанбота Орманбек, Айназ Қарағұл, Толғанай Бақытжанның көрсеткен өнерлері көптің көңілінен шықты. Домбыраның шанағынан күмбірлете төгілген күйді, асқан шеберлікпен ойнған үш оқушының өнеріде жоғары бағаланды. Жетігеннің әуезді үніне қосыла ән салған Мадина Қабжалел, Мерей Талғатқызы, аспапта ойнау номинациясы бойынша өнер көрсеткен «Балхадиша» триосы гран приге лайық деп танылды. Осылайша жеті бас жүлдені иеленген жерлестердің жеңісіне барша ел бірге қуанды. Шәкірттері жүздеген оқушы арасында топ жарып, еңбегі еленген ұстаз Перизат Қалабайқызыда байқаудың «Үздік ұстаз» номинациясын иеленіп, ақшалай сыйақымен марапатталды.
«Бұл жеңісті күн біз үшін тарихи күн болып саналады. Себебі алғаш рет бір байқаудан жеті бас жүлде иелену бұрын соңды болмады. Осы уақыт аралығында талай жүлдені иелендік, дегенмен бұл жеңістің мен үшін орын бөлек. Іштегі сезімді айтып жеткізе алмаймын. Шәкірттерім осы уақытқа дейін жасаған жұмысымның нәтижесін көрсетіп, төбемді көкке жеткізді. Бұйырса Ташкент төрінде өнер көрсетіп, жеңіспен ораламыз деген сенімдемін. Үздіксіз дайындық жасап, жақсы нәтиже көрсетуге тырысатын боламыз. Аталған байқауға сенім артып, қолдау білдіріп жіберген шығармашылық орталығының басшылығына ризашылығымды жеткізгім келеді »-дейді, Перизат Қалабайқызы.
Қандай байқау болмасын жүлдесіз оралмайтын данастық оқушылардың бұл жолғы жеңісі, расымен тарихи жеңіс болды. Жеңімпаздарды шығармашылық орталығының ұстаздарымен ата-аналар қарсы алып, Перизат Қалабайқызына жылы лебіздерін жеткізді. Жерлестерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, Ташкент қаласында өтетін байқауға сәттілік тілейміз.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.