Балаларға базарлық
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында «Аудан әкімінің» мерекелік шыршасы өтті. Мерекелік шыршаға аудан бойынша 61 бала қатысып, көңілді кештің куәсі болды. Ы.Алтынсарин мектебінің ұстаздарымен оқушылары дайындаған мерекелік кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Түрлі ертегі кейіпкерлерімен қойылымдар қойылып, ән айтылып, би биленді. Балалар асыға күтетін кештің басты кейіпкерлері Аяз ата мен немересі қарша қыз келіп, балалар мәз мейрем болды.Шыршаны айнала ән салып, өнерлі оқушылар өз өнерлерін ортаға салды.
Аудан әкімі Дінмұхаммед Бидашев мерекелік кешке жиналған қауымды, ұстаздарды жаңа жыл мерекесімен құттықтап жылы лебізін арнады.
«Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Биыл оқушыларымыз үлкен жетістіктерге жетіп, аудан мерейін асқақтатты. Облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда өнерден, спорттан, білімнен үздік танылдыңыздар. Келер жылы осы жетістіктеріміңіз еселеніп, ауданымызды көпке танытып жүре беріңіздер.Әр бір шаңыраққа бақ береке орнап, бейбіт заман болсын»-деді аудан басшысы.
Сонымен қатар оқушыларға мерекелік тәттілер мен ұялы телефон тарту етті. Мерекелік жиынға жиналған оқушылар көтеріңкі көңіл күйде естелік суретке түсіп, арнайы дайындалған мерекелік дастарханның қонағы болды.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.