Құстарға қамқор бол бала
Наурызым ауданына қарасты орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты “Құстарға ұя сыйла” атты мектеп оқушыларына арналған акция жариялаған болатын. Акцияның мақсаты балаларды табиғатты аялауға тәрбиелеу, жануарларға деген сүйіспеншілікті арттыру және оқушыларды ерте жастан бастап енбекке тәрбиелеу, баулу экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Осы акция аясында мектеп оқушылары еңбекке баулу сабақтарында ұстаздарының көмегімен қолдан құстарға арналған ұя жасап үйренді. Сонымен қатар әр дайын болған ұяшықтарды ағашқа орнықты етіп іліп, бірнеше күн бақылауда ұстады.
«Мектеп қабырғасындағы оқушыларға арналған түрлі акция, челендждер жиі ұйымдастырылып отырады. Басты мақсат табиғатты аялап, қоршаған ортаға жан ашыр болуға, елдің патриоты болып қалыптасуына ықпал жасау. Мәселен аталған акцияға қатысқан оқушылар әр бір ұяны жасағанда қызғушылықпен мән беріп жасап шықты. Дайын ұяшықтарды ағашқа іліп, бірнеше күн қызықтап бақылауда ұстады. Акцияға оқушылар белсене араласты. Қоршаған ортаға зиян тигізбей, құстарға, жануарларға мейірімділік көрсетуді түрлі шаралар барысында оқушыларға насихаттап отырамыз.Тек оқушылар емес табиғаттты аялау баршамыздың ортақ міндетіміз.Сол себепті сенбілікке қатысу қоршаған ортаны таза ұстауға баршаңызды шақырамыз»-дейді мектептің тәрбие орынбасарлары.
Бұл деген өсіп жатқан өскелең ұрпақтың бойына табиғатқа деген сүйіспеншілікті, қоршаған ортаға деген қамқорлықты қалыптастыруға септігін тигізері анық.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.