Биылдыққа үш рейд ұйымдастырылды.
2026 жылғы өрт қауіпті кезең басталғалы бері Жанкелдин ауданы аумағында 5 гектар жерді қамтыған бір ғана құрғақ шөптің жану дерегі тіркелді. Қазіргі уақытта аудан көлемінде табиғи өрттердің алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Төтеншеліктердің айтуынша, азаматтық қорғау қызметкерлері, полиция және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған 6 мобильді топ жасақталған. Олардың қатысуымен үш бірлескен рейд ұйымдастырылып, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бақылауға алынған.
Сонымен қатар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Тұрғын үй секторында екі мәрте аралау өткізіліп, 55 адамға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілген.
Ауыл шаруашылығы саласы да назардан тыс қалған жоқ. Шаруа қожалықтарының жұмысшылары мен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 15 нұсқама өткізіліп, дала өрттерінің алдын алу шаралары кеңінен түсіндірілді. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдар жарияланып, тұрғындарға сақтық шаралары насихатталуда.
– Аудан аумағында Торғай ауылында орналасқан №27 өрт сөндіру бөлімі қызмет атқарады. Бөлім құрамында 18 қызметкер мен 5 техника бірлігі бар. Сонымен қатар ауылдық округтер базасында құрылған 13 ерікті өртке қарсы құрылым жұмыс істейді, – деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ерікті құрылымдардың иелігінде 15 мотопомпа, 43 өрт сөндіргіш және өзге де қажетті құрал-жабдықтар бар.
Қазіргі таңда Жанкелдин ауданында арнайы өрт сөндіру бекеттері жоқ. Дегенмен бұл мәселені шешу бағытында нақты жұмыстар қолға алынған. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Милісай және Ахмет Байтұрсынұлы ауылдарында екі өрт сөндіру пунктін салу жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары биыл мамыр-маусым айларында аяқталады деп күтілуде.
Аудан әкімі биыл қуаңшылық болуы мүмкін екенін атап өтіп, дала өрттерінің алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ ауыл тұрғындарынан құрылған ерікті өрт сөндіру жасақтарының жұмысын жандандырып, қажетті дайындықты арттыруды міндеттеді.
Жауапты мамандар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – автор
Проект предусматривает демонтаж старых конструкций, перенос проекторов, монтаж новых металлических опор и их подключение. (далее…)
Волонтеры ОФ «Жанашыр бол» совместно с полицейскими Костанайского района 24 июня встретились с участницами клуба…
Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)
Ауданымызда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы маусым айының басында өз жұмысын бастады. (далее…)
В рамках профилактики им показали, как живет и работает РГУ «Учреждение № 38» КУИС МВД…
Мероприятие объединило на спортивной площадке сотрудников ведомств, неравнодушных к спорту. (далее…)
This website uses cookies.