Денисов ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағының кезекті маусымы аяқталды
Денисов ауданында еңбек жасағының биылғы маусымында 73 жас еңбек етті. Олар саябақтар мен қоғамдық орындар аумағын тазартып, қоқыс жинап, арап шөп жұлып, жасыл желекті күтіп-баптаумен айналысты. Аумақты көгалдандыру және абаттандыру ісімен шұғылданды.
«Жасыл ел» жасағының жазғы маусымда атқарған жұмысы туралы жуырда Денисов ауданының әкімі Руслан Қатпаевтың төрағалығымен өткен Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. Басқосуда «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы Татьяна Алпысбаева баяндама жасап, «Жасыл ел» жобасының 2025 жылы жүзеге асуына тоқталды.
– Еңбек жасағына 14 пен 25 жас аралығындағы қыз-жігіттер қабылданды. Негізгі қатысушылар қатарын 14 пен 18-дегі жасөспірімдер мен жастар құрады. Ең аз қатысушылар 18-25 жас аралығындағы азаматтарды қамтыды. Біздің жастар үшін «Жасыл ел» еңбек жасағы жазғы мезгілде табыс табудың таптырмас мүмкіндігіне айналды. «Жауынгерлер» алғашқы еңбек тәжірибелерін жинақтап, туған өлкемізді дамытуға өз үлестерін қосты,-деді «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Татьяна Алпысбаева.
Жобаны жүзеге асыруға 10 ауылдық округ қатысты. Олар: Аршалыда – 2 жауынгер, Тельман – 9, Приречен – 4, Архангелск – 4, Перелески – 2, Аят – 2, Свердлов – 5, Покров – 2, Красноармейский – 3, Денисовта – 42 жауынгер. «Жасыл елдіктерге» төленген еңбек ақының жалпы құны барлық төлемдерді қос алғанда 6 823 639 теңгені құрады.
– Жоба «жауынгерлері» тиісті құралдармен қамтылды. Оларға «Жасыл ел» логотипі салынған бас киімдер мен футболкалар берілді. Алға қойылған мақсатты түбегейлі орындау үшін қажетті сыпыр, күрек, тырмауыш сияқты еңбекке заттары үлестірілді. Жасақ мүшелері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысты. Осылайша биылғы маусымды табысты аяқтап отыр. Бұл жоба кең сұранысқа ие және жастар бастамаларының озық үлгісі ретінде әрі қарай жалғасын табады деген ойдамыз,-деді Татьяна Алпысбаева.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті Татьяна Алпысбаева жолдады.
В нем приняли участие семьи и молодежь Костанайской области, передает «Наш Костанай» (далее…)
В акции приняли участие 50 государственных служащих, которые вместе с работниками лесного хозяйства внесли свой…
Этому рады рыболовы Узункольского района: им есть где насладиться не только красотой и покоем водных…
Лето - это не только время для отдыха, но и отличная возможность для молодежи сделать…
Киокушинкай каратэ — қанатын кеңге жайған шығыс жекпе-жегі. Жапон тілінен тәржімасы асқақ ақиқаттың қоғамы дегенге…
Благоустройство - не всегда только про лопаты и лейки. Иногда для того, чтобы изменить мир…
This website uses cookies.